Біздің еліміздің табиғаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ
көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге
мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік
атып шығады. Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты.
Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын
уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде
қазақ болып туылғаныма қуанамын!
1 Мәтіннен қыс мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді теріп жазыңыз. Мәтіндегі
негізгі ойды анықтап жазыңыз.
Тірек сөздер:
Мәтіннің негізгі ойы:
2 Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Сұрақ -Жауап
Жауап
Мәтін не туралы?
Жаз қандай жыл мезгілі?
Көктем қалай суреттелген?