Біздің ауыл Алмалы деп аталады, өйткені жабайы алма көп өскен тау бөктерін солай деп атайды. Бұл тауда жабайы алманы қорек етіп аю өріп жүреді екен. Сондықтан үлкендер күні бүгінге дейін жабайы алманы аю алма деп атайды. Ол кезде алма жегісі келгендер жүйрік атпен кеп, алманы ат үстінде тұрып жинайды екен. Егер адамның алманы үзіп жатқанын бір аю көріп қалса, қазандай тасты көтеріп ап, ақырып қуатын көрінеді. Сонда бүкіл Алмалы бойының аюлары: «Біздің алмамызда адамдардың не қақысы бар»,- десіп ашуланып, жер-көкті азан-қазан етеді екен.Біз туған кезде сол өріп жүрген аюлардан із де қалмапты. Ол кезден қалған бір ғана белгі, әлгі алып алма ағаштың түбіндегі үңгір ғана. Оны аюлардың патшасы мекендепті.

Тапсырмалар:
1. Есімдіктерді теріп жазу.
2. Септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.
3. Сұрақтарға жазбаша жауап беру:
А) Ауыл қалай аталған?
Ә) Неге Алмалы деп атаған?
Б) Алмалыда қандай аңдар мекендеген?​

timatimakarov timatimakarov    1   26.11.2020 17:50    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi