Біз не жеп жүрміз? Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт
пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық
сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал
өзіміз өсірген Қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі
табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында
мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалғандықтан
жегің келе береді. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда «гендік модификацияланған организмдер» (ГМО)
деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі — гендік модификацияланған
организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де
тысқары қалып отырған жоқ. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде біз
ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ,
оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді әрі үсімейді.
Қазір байқап қарасақ, сатылатын жемістер сондай әдемі, көздің жауын алады, біркелкі және ұзақ
сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Сонымен, ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін және олар
Зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.
ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін
қарапайым халық әлі біле бермейміз. Дұрыс тамақтанбау адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі
мүмкін.
Тапсырма
Берілген мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастырыңыз. [1] ПОМАГИТЕ
Біздің күнделікті жеп жүрген тамақтарымыз денсаулыққа əсер етеді ме?