Біз қазақ ұлтының алдында қарыздармыз. Жазушы болсаң, Орынбай деп, әкем маған аманат тапсырған
еді. Сондықтан әкемнің соңғы парызын орындап, Орынбай ақсақал туралы
пьеса жаздым (Лаврентий Сон)
Фильмде шарқ ұрған һәм шарасыз жанар да, көмек қолын созған аялы
алақан да, мейірімнің мекеніне айналған жүрек те, ақ адал достық та, бір
атаның баласындай болған бауырмалдық та, бір күпіні бірге жамылған
кеңшілік те көрініс табады. Осынау ұлы құндылықтар, биік қасиеттерге
қиын-қыстау заман мен саясат та салынын тигізе алмайтынын Кино кейіп-
керлері дәлелдейді (Динара Ізтілеу).
1-тапсырма. Пікірлерді оқы. Онда не туралы айтылғанын анықта. Автор-
лардың тұжырымын өз ойыңмен байланыстырып айт.
ақсақал жайлы міндетті түрде жаз»,
Бұл фильмнің басты идеясы – қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған қазақ халқының кеңпейілділігін, қонақжайлылығын көрсету.Болат Әбділманов сомдаған басты кейіпкер Орынбайдың бойына достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан.Жалпы, фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай өмірде болған адам. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әр түрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Л.Сон киноның бас кейіпкері туралы: «Бала кезімде әкем «Бiз қазақ ұлтының алдында қарыздармыз, жазушы болсаң Орынбай ақсақал жайлы мiндеттi түрде жаз» деп өлерiнде маған осындай аманат тапсырған», – дейді. «Сондықтан, әкемнің соңғы парызын орындап, қазақтың батыр ақсақалы туралы пьеса жаздым» – деп сөзін сабақтайды жазушы.
Объяснение: