Бәйтерек ағашы қысқаша туралы аңыз​

kitty67 kitty67    2   24.11.2020 22:17    7

Ответы
olgagolova2007 olgagolova2007  24.12.2020 22:19

Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мұндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
ALEXIA24 ALEXIA24  24.12.2020 22:19

Бәйтеректің негізгі идеясы Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін Өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен.

Одан кейін алтын жұмыртқаны бір үлкен,алып айдаһар деседе болады,сонымен ол жұмыртқаны жепқойғысы келеді бірақ оның оған күші жетпеді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi