Бөтенсiмей, жаңа ортаға тез сінісуін қадағалап, бауырмал, көпшіл болуға
үйретеді. Алғаш көктемде күн
күркірегенде босағаға ағаш шөміш
тигіздіретін «шөміш қағу» жоралғысы
табиғатты қастерлеудің ұрығын себеді.
«Халықты қадірлеу- салтты қадірлеу»,
«Халқың дана болса, салтың сара
болады», «Дәстүрі жараспағанның дәм-
тұзы жараспайды», «Әр елдің заңы
басқа, иттері қара қасқа» сияқты халық
даналығы қазақ халқының әртүрлі
наным-сенімдерге көп көңіл бөлетінін
аңғаруға болады.
Академик Әбдімәлік Нысанбаев
мынандай ойын тарқатқан: «Мәдениет
пен ғылым саласында қоғам
құндылықтарының ықпалы артып отыр.
Қазақ ұлтының дәстүрлі құндылықтары
мен өзіндік мәдени мұраттары қатты
қысымға ұшырауда, сондықтан біз
рухани мұраны сақтап қалуға
талпынуымыз керек».
Академик Әбдімәлік Нысанбаев
неліктен біз рухани мұраны сақтап
қалуға талпынуымыз керек дейді?​

tiger071 tiger071    2   30.10.2020 07:09    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi