Әбіштің елге оралуы Абайдың айналасы қазір көбінше әйелдерге толы. Дәл қасында
екі көзі жасаурап, өңі ақсұрланып Әйгерім тұр. Үлкендерден
қартаң шал көршілер болмаса, басқа бөгде адам аз.
Жүргіншілер дәл ауылға тақай бергенде, салт аттының бәрін
Дәрмен дауыстап тоқтатқан-ды.
Әбіштің күймесін алға шығарыңдар. Алдымен Əбіш жетсін.
Ауылдың тосқаны сол ғой, біздер емес. Және ауылға атшабар
стражниктер тәрізденіп қоқандап бармайық. Іркіле жүріңдер,
деп бұйырған.
Күйме тоқтамастан Абай бастаған жиын қарсы алдынан өз-
деріне қарай қозғалғанда, Әбіш тоқтап болмаған күймеден ыт-
қып секіріп түсіп, әкесіне қарай құшағын жайып, асыға жүгірді.
32Абай да мол құшағын кең жайып, Әбішті бауырына алды.
Көп қауышу, жылап амандасу арасында шешелер мен жең-
rелерінің тілеулестігі айтылады. Балажан көршi кемпір, шал-
дардың Әбішке айтып жатқан үзік-үзік мейір-шапқат сөздері
естіледі.
Жаным, есен жеттің бе?!
- Сәулем, ұзағынан сүйіндірсін!
Көп сағындырдың ғой, қуатым!
Айналайын, күнім!
- Ата-анаңды ұзағынан сүйiндiрсiн сапарың.
- Сапарың құтты болсын, қарағым.
Қош келіпсің, Әбішжан! деген сан тілеулес жүректерден
шыққан ыстық сөздер Әбіш үйге кіргенше барлық жиын
атаулының тұла бойын
шымырлатқандай.
«Абай жолы» роман-эпопеясынан
|


Әбіштің елге оралуы Абайдың айналасы қазір көбінше әйелдерге толы. Дәл қасында екі көзі жасаурап, өң

stanislavvolk8 stanislavvolk8    3   09.10.2021 10:49    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi