Бірге жазылатын сөздер Тұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді.

Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрқайсы, әрдайым, әрқашан, ешкім, ешбір, ешқандай, ешқайда,, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір, бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, біріңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқандай.

Ескерту. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш а қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде жылқы, әлде сиыр.

10203040502017 10203040502017    3   30.05.2023 14:31    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi