Бірақ бізге табиғатты қорғау да қажет. Біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы»
бар. Оның басты мақсаты – саны азайып,
жойылып бара жатқан аң-құстарды, өсімдіктерді
қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа жазу.
Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды.
Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл
парағына жойылып бара жатқан жануарлар, ал
сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер
жазылады. Қазақстанның Қызыл кітабына
қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, барыс,
қарақұйрық, Алтай арқары сияқты сирек
кездесетін жануарлар енгізілген. Бұл
жануарлардың саны қорегінің азаюынан,
бағалы терісі мен мүйізі үшін аулаудың
салдарынан сиреп кеткен. Адам – табиғаттың
бір бөлшегі. Адамдар табиғатсыз өмір сүре
алмайды. Табиғатты аялай білуіміз керек.
Сұрақ:
1) «Халықаралық табиғатты қорғау
қоғамын» құрудың мақсаты не?
А) саны аз аң-құстарды, өсімдіктерді зерттеу
C) саны көп аңдар мен құстар туралы хабарлап
отыру
D) саны аз аң-құстарды, өсімдіктерді
қамқорлыққа алу
В) саны көп аң-құстарды арнайы кітапқа жазу
D)саны аз аң-құстарды өсімдіктерді қамқорлыққа алу