Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ… бірақ…
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, ..
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйге берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым, Нысанаға ап
қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
Төлеген Айбергенов.

1-тапсырма. ПОПС формуласы. Мәтіндегі автордың түрлі көңіл күйін
сипаттай отырып, өлеңнің идеясын талдаңыз.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, өлеңде автордың ... (көңіл күйі) байқалады».
Екінші сөйлем «Себебі оны былай түсіндіремін (өлеңдегі көңіл күйге қатысты
ақпарат)… »
Үшінші сөйлем «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын (өлеңнен дәлел) … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім (идея) ».

Жазылым. «Достық қиындықта сыналады» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Бұл
пікірмен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеу үшін бірнеше
аргумент ұсыныңыз. 120-130 сөз.

starkoviv23 starkoviv23    1   04.12.2020 05:39    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi