Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ… бірақ…
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, ..
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйге берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
Мәтін мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Ақын тойына кімді шақырады?
Өлеңде ақынның қандай тілегі көрінеді?
Автор бойындағы қасиеттерді жазыңыз
2-тапсырма. Өлеңнен автордың көңіл күйіне қатысты 5 тірек сөзді анықтаңыз.
1.
2.
3.
4.
5.
Жазылым.
3-тапсырма. «Адал дос немесе амал дос» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз. (40-60сөз) Мазмұнында төмендегі етістіктерді шартты рай тұлғасында қолданыңыз.
Етістіктер: іс түсу, жақсылық жасау, қиналу, кемшілігін айту, ақыл сұрау, қиындыққа тап болу, қол ұшын беру, көмектесу, жаныңнан табылу, қуану, жылау