Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем). Жұбыңызбен өзара сұрақтармен алмасып, оларға сенімді, дәлелді жауап беріңіз. 1)Өзіңіз білетін тарихи тұлғалардың тағылымы жайында сөз қозғаңыз.
2)Өзге ұлт өкілдері Наурызда қандай ас әзірлейді? Ұлттық тағамдардың мәні, құрамы, ерекшеліктері жайында айтып беріңіз. Б.Ж.Бопайұлы «Қазақы наурызнама» кітабынан мысалдар келтіріңіз.
3)Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) Қазақстан құстар қорғау одағымен бірге 2017 жылдың құсын таңдады. Бұл - үкі. Үкіні сипаттаңыз. Таңдау себебін түсіндіріңіз.

sasha22114 sasha22114    3   15.03.2021 12:23    66

Ответы
Лера15012003 Лера15012003  15.03.2021 12:30

ответ:Алмат наурыз мерекесі құтты болсын.Сен аспазсың ғой,өзге ұлт өкілдері Наурызда қандай ас әзірлейді?

-Иа хабарым бар.Мысалы әзірбайжан елінде Наурыз мерекесіне арнап шекербура деген ас дайындалады.Қамыр мен қанттан дайындап, пішінін ай сияқты қылып пісірілетін ас.Дастарханға бидайды қуырып,боялған жұмыртқалар қойылады.

-Ал көрші өзбек елінде не дайындалады?

-Өзбек елінде Сумаляк-бидайдан жасалған тағам дайындалады.Самса,өзбек палауы,халим-бидай мен еттен жасалған тағам,нишалда-жасыл желек қосып дайындалған бәліш пісіріледі.

-Тәжікстанда ше?

-Тәжікістанда кәуәп және дәндерді қосып жасаған палау дайындалады.

-Ауғаныстанның наурыз мерекесіне дайындайтын асы туралы білесіңбе?

-Ауғаныстанда 7түрлі жемістен кампот әзірлейді.Дастарханға 5түрлі ас қояды.Жұмыртқаларды бояп қояды.

-Көп біледі екенсің.Білімің тасысын,рахмет саған бауырым.

-Өзіңеде рахмет,сау бол.

2.Б.Ж.Бопайұлы."Қазақы наурызнама"

Б.Ж.Бопайұлы жазушы,этнограф.

-Аға,Наурыз мереке ретінде неден бастау алған?

-Нұқ пайғамбарымыздың кемесі тоқтаған кезде,кемедегі қалған адамдар жерге түсіп, балшықты аршып,бұлақтың көзін ашқан.Кемеде қалған 7дәннен көже істеп,өмірдің бастауы,күн мен түннің теңескен күні-Ұлы істің ұлы күні,-деп құшақтасып көріскен.Бұл мереке христиандарда- Рождество,будда діндегілерде-Шаған,ал мұсылмандарда-Наурыз аталып кеткен.

-Ертеде ата-бабаларымыз Наурызды қалай атаған?

-Ата-бабаларымыз Наурызды-Уыз мереке деп атаған.

-Неліктен олай атаған?

-Наурызда мал төлдейді,адамның аузы аққа тиеді,малдың аузы көкке тиеді.

Уыз-сүт сұлтаны,ақ ұлтаны.Уызға жарымаған өмірі ештенеге жарымайды,-деген сөз содан қалған.

-Уыз туралы өлеңде бар еді кітабыңызда ұмытпасам!?

-Уыз айы туғанда,

Көкте ай толғанда,

Қозы-лақтар маңырап,

Қой мен қозы маңырап,

Рахаттанып қаласың,

Уызға қарның тойғанда,-деп жырлаған қазағым.

-Наурыз мерекесі ұлы той ғой,Наурыз мерекесі туралы не айтасыз?

-Наурыз мерекесі-ұлт пен ұлтты,ұлысты жақындататын-алтын арқау,күміс тұтқа.

Мерекелі ел-берекелі ел ,-деген берекелі мерекеміз көп болсын.

-Ақ мол болсын.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi