Бір түлкі орманды аралап келе жатып, қырғауылды көреді. Қырғауыл ағашта отыр. Түлкі қырғауылға: - Сәлеметсің бе, қырғауыл! Халің қалай? – дейді.
 - Жақсы, өзің қалайсың? – дейді Қырғауыл.
 Түлкі:
 - Жерге түс. Сөйлесейік, - дейді.
 - Жерге түспеймін, қорқамын. Жерде көп аңдар бар. Олар мені жейді, - дейді Қырғауыл.
 Түлкі:
 - Әй, досым, қазір «бір аң екінші аңды жемейді» деген бұйрық шықты. «Қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін» депті, - дейді.
 Қырғауыл:
 - Жақсы хабар екен. Рақмет, досым, Түлкі. Сен бұл хабарды анау жақта келе жатқан иттерге де айт, - дейді.
 «Ит» деген сөзді естіген Түлкі алды-артына қарамай қашады. 
 Қырғауыл:
 - Қайда барасың, Түлкі досым? Бұйрықты ұмыттың ба? – дейді.
 - Кім біледі, бұйрықты олар естімеген шығар, - деп Түлкі қашып кетеді.
 НАЗВАНИЕ НАДО ПРИДУМАТЬ И ИДЕЮ НА КАЗАХСКОМ