Бір шалдын терт ұлы болыпты . Бір күні шал ұлдарын жинап алып Мен қартайдым . Біреуiннiң үй иесі болатын уакыттарын жетті . Кімнің акылы байлығына сай болса , сол мұрагерім болады Әркім маган ез байлығы мен акылын көрсетуі керек - дейді . Улкен ұлы асыл тас салган жүзігінің көзін көрсетіп : - Міне , менін байлыгым . Ал кiм бай болса , сол акылды , -дейді . Екінші ұлы асыл киiмдерiн киiп , әдеміленіп келеді де : - Менi осы түрiмде көргендер акылым мен байлыгымнын алдында бас иеді , дейді Ушiншi ұлы кумiспен және алтынмен апталган белдігін буынады да : - Мұндай белдікті ешкім , ешқашан тагынып керген емес , -дейдi Әкесі үлкен балаларына карап , басын шайкайды кіші ұлына бұрылып : - Сен неге үндемейсін ? Сен қандай байлығынмен мактанасын ? дейді Сонда кенжесi - Менде асыл тасты жузiк те , сәнді киім де , алтын - күміспен апталган белдiк те жок Тек жумыска жарамды екі колым , арманымды орындауға ұмтылар журегiм бар. дейді Шалга кенже баласынын тапкыр да ойлы сезi ұнайды - Жұмыс iстей бiлген адам жұтамайды , - деп , езiнiн кенже ұлын мұрагер атайды Улкен балаларына iнiсiнiң айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.