Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын
Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның
құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі
болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен
1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап
етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава
қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып
келеді.
Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания,
Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті.
Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда
әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда
дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі
Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша
сипат, мазмұнға ие болды.

во по тексту;
1. 1 мамыр неге серуендеу мен салтанат мейрамы болып саналады?
2. 1995 жыл - Қазақстан үшін қандай жыл?

missdrama missdrama    2   04.05.2020 12:28    3

Ответы
sweetmayers sweetmayers  14.10.2020 06:42

1 Себебі Қазақстанда ұлт өкілдерінің саны 136 болғандықтан бірінші мамыр күні адамдар бірлік ретінде бір-бірімен амандасып араласып серуендейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi