Бір атаның балалары ( үзінді ) Ал , ағайын , тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал , — деді басқарма . — Өздерің — деп кеттім ... Үкімет біздің Бұлғыртау ауда білесің , мен : « Жұмысшы әкелем ! » , нының тоғыз қолқозына елу төрт бала жіберген екен . Жер аяғы шалғай , мен барғанша ересектерін бөліп әкетіпті Менің әкелгенім – алты - ақ бала . Бәріңе жетпейді Әзір қолда барын Құдай жолымен бөлем ... Ал , Дәуренбек – деді басқарма . — ... Дүкіметіңді оқы , балалардың мән жайын айт . Стройдың басында тұрған екеу — қазақ балалары , үлкені сегізде , кішісі алты да . Мынаусы — Ертай , анаусы — Нартай , екеуі ағайынды . Бұлардан соңғы — татар баласы , аты — Рашид , жетіде . Көзі сығырайған жалпақ бет , тақырбас қара — әйел бала , қалмақ ядүнген , жасы алтыда . Қасындағысының аты - Яков , тоғызда қолағаштай мұрнына қарағанда , жойыт тәрізді , бірақ документте : « орыс » , – деп жазылған , қайдан кеп , қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау . Ең соңындағы — жаңа алдымен шыққан қасқа , жетіде . Сіздерден жасыратын не бар , тегі жаман : неміс . Бұл баланың орны — детдом емес еді , әке - шешеден бірдей айырылып , панасыз қалған соң алынған екен . Өкіметтің кеңшілігі көп . Енді осы араға келіп тұрған жайы бар . Ахмет шал балаларды жағалай басынан сипап өтті де ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады , Мен осы мықтының өзін қаладым . Баламның атын айт . — Зигфрид Вольфганг Вагнер . Қарың болдыңыз ! — деді Дәуренбек мырс етіп , — Е , жөн - ақ , — деді Ахмет ақсақал . — Келісті жақсы ат екен . Айналайын , жүр үйге , ќеттік . Апаң күтіп отыр ... Жылы қымтаулы төсекте жатқан , ет желініп бітпей - ақ ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер ертеңіне таңертең « Зекен Ахметұлы Бегімбетов » болып оянды .