Білу Лиро-эпостық жырлар қандай шығармаларға жатады? Олардың басқа қандай атаулары бар? 2 Лиро-эпостық жырлардың мазмұны қандай оқиғаларды қамтиды? 3 Ғашықтық жырлар біздің дәуірімізге дейін қалай жеткен? 4. Лиро-эпостық жырлардың кейіпкерлері кімдер? 5. Лиро-эпостық жырлардың негізгі тақырыбы қандай? 6. Лиро-эпостық жырлардың ерекшеліктерін атап беріңдер. 7. Қазақ халқының қандай лиро-эпостық жырларын білесіңдер? 8. Қандай лиро-эпостық жырларды оқыдыңдар? Түсіну
1)Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылған лирикалық әрі эпикалық шығарма.
2)Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі
3)Ғашықтардың бастан кешкен өмір баяндарын суреттелу арқылы қазіргі күнге жетті.
4) көбінесе кейіпкерлері бір-бірін құлай сүйген ғашықтар болып келеді
5) махабат , сұйіспеншілік жайлы
6)Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес. Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір-бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас.
7)Қазақ әдебиетінің төл туындылары - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім - Зылиха"
Шығыс әдебиеті негізінде назира гөйлік дәстүрде жазылған қиссалар "Мұңлық - Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир - Зуһра", "Жүсіп - Зылиха", "Шәкір - Шәкірат", т.б.
8) өзіңнің жауабыңмен жаза салсаң болды.