Білімді ұрпақ дегенді қалай түсінесің? қазіргі заманда біз қандай болуымыз керек? еліміздің ертеңі кімнің қолында деп ойлайсың? еліміздің үшін жас ұрпақ қандай болуы керек? біз егеменді еліміздің ертеңіміз дегенді қалай түсінесің? ​

Soulwax Soulwax    2   16.04.2019 15:35    15

Ответы
Almast1 Almast1  29.05.2020 15:54

ответ: Білімді ұрпақ дегеніміз- тек қана мектеп бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, өз білімін, ғылым-білімді үйренудегі дағдыларын жетілдіре алатын, өзін-өзі зманауи жаңалықтармен ақпараттандыра отырып, іс-тәжірибеде қолдана білетін ұрпақтар легі.

Қазіргі заманда біз өз білімімізді еліміздің болашағына пайдалана алатын, еңбексүйгіш, ізденімпаз, қай жағынан да бәсекеге қабілетті болуымыз керек деп ойлаймын.

Еліміздің ертеңі жастардың қолында деп ойлаймын. Өйткені, қол жеткен табыстардың игілігін көретін жастар, бастамаларды алға апаратын да жастар.

Еліміздің дамуы үшін әр азамат, әрбір жас өз мүддесіннен бұрын халықтың , елінің мүддесін бірінші орынға қоюы керек. Өзінің жеке басының немесе отбасының атериалдық жағын жақсартуды ғана ойламауы керек.  Елімізді дамытуға қандай үлес қосатынын ойлауы керек. Айналасындағылардың тағдырына да бейжай, селқос қарамауы керек.  Жастар қамқор, қайырымды ,мейірімді, көмек қолын созуға дайын тұратындай адамгершілігі мол болуы керек.

Егеменді елдің ертеңіміз деген сөз- ел үшін жасалған иігіліктердің қожайыны, яғни елдің қожайыны -жастармыз деп түсінемін. Себебі, әрқайсымыз елімізге, туған жерімізге қожайынындай қамқор көзқараспен қарауымыз керек. Бағбандар өз бақшасын қалай қорыса, күтіп-баптаса, біз де жас Тәуелсіз мемлекетімізді аялап, қызғыштай қоруымыз керек, қуатты елге айналуына атсалысуымыз керек.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi