«Білім. Ғылым. Инновация» және «Сауда жасай білесің бе?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады. Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көкөністер мен жеміс- жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.
(120 сөз)
Мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыз.
1. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз. [1]
А) Нан өте тез көгеріп кетеді.
В) Жаңа технология бактерияларды жояды.
С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.
2. Стиль түрін анықтаңыз. [1]
А) Көркем әдебиет стилі.
В) Ресми стиль.
С) Публицистикалық стиль.
D) Ғылыми стиль.
3. Мәтін мазмұнын тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжаңыз. [1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз. Екі сөзден артық жазбаңыз. [1]
Бұл әдіс азық-түлік үшін өте пайдалы.
5. Берілген сұраққа жауап беріңіз. «Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер» деген мақалды қалай түсінесіз? [1]