Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған? Аудиториясы кімдер

Елбасы 2018 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. «Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік. Бұған мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламды арнағанымды білесіздер», деді Мемлекет басшысы. Президент бағдарламалық мақаладағы негізгі міндеттерге назар аударып, Қазақстан қоғамының даму кезеңдеріне қатысты ойларын ортаға салды. «Мен ең алдымен болашақ қазақстандықтың болмысын айқындап, қандай болуы қажеттігін атап өттім. Біріншіден, ол – әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылатын прагматик, әрі реалист. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті нығайтып, ұлтының дамуын тежейтін барлық нәрселерден бас тартатын адам. Төртіншіден, білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан. Бесіншіден, тек эволюциялық даму ғана халқының өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретінін жақсы түсінетін саналы азамат. Алтыншыдан, ол – түрлі тілдерді меңгерген, әлемнің үздік тәжірибелерін алуға және заман талаптарына сай өзгеруге қабілетті, сана-сезімі ашық адам» деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету - бұл біздің табыстарымыздың іргетасы және Қазақстанның одан әрі өсіп - өркендеудің шарты. Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 ші қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн - Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.

medlitelnaj medlitelnaj    1   05.05.2020 07:43    14

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi