Бөлім «Болашақ мамандықтар», «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас», Тапсырма Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат- ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
1. Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды анықтап, белгілеңіз. Ақпараттар Дұрыс Бұрыс
✖ Көне Түркістан қаласы қазір туризм аймағы.
Жібек жолы - Батыс пен Шығыстың арасын жалғаған сауда жолы.
Отырар базарларында тауарларды сатуға, айырбас жасауға болады.
2. Мәтінге ат қойып, идеясын анықтаңыз. Мәтіннің тақырыбы (сөз тіркесі) Мәтіннің идеясы (1сөйлем)
3. «Қазақстандағы жер байлығы» тақырыбында берілген мәтіннен мәліметтер жинақтап, кластер сызыңыз. Қасиетті туған жердің тау тасы да, топырағы да, талға біткен жасыл жапырағы да қымбат. Осыншама бағасы, құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді, асқар тауларды сүймеу мүмкін емес. Асыл армандарымызды әрқашан туған жермен байланыстырамыз. Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз бойынша тарихы терең отанымыздың белгісі. Жер ана - қасиетті туған жер. Ол - біздің тылсым тарихымыз. Туған жер топырағын иіскеуге зар болыр кеткен боздақтар қанша ма?! Туған жер үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?! Қазақстан бүгінде жер асты да, үсті де байлыққа кенелген тәуелсіз ел. Жері байдың елі бай деген осы болар. Еліміз тұғырлы мемлекеттер қатарынан көрінсін.
4.«Менің елім - бай ел» тақырыбына эссе жазыңдар (90 сөз)