Білім алушының аты =
«Су- тіршілік көзі» және «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыптары
бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Оқылым, Жазылым Тыңдалым, Айтылым
түрлері
1 нұсқа
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін,
сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің
мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды
тұстарын анықтау
3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу,
сөйлеу барысында қолдану
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім сын есім'етістікті анықтау
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз
сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу
Бағалау
Білім алушы
критерийі Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды
Тура жәнеа уыспалы мағыналы сөздерді ажыратады
Негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады
Тілдік нормаларды сақтай отырып, ойын жүйелі жеткізеді
ойлау
Білу және түсіну Қолдану
дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Бұл күн мен түн теңелетін, жан-
жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін күн.
«Наурыз» сөзі көне парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны береді.
Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні отқа май құйып,
жаңа енген жеті дән бойынша келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен
Наурыз көже ұсынады.
Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі жылдың басы саналатын халықтық мейрам,
екіншіден наурыз айы, үшіншіден наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.
Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендір.
ұлттық мереке атауы
Наурыз көже
ұлттың атауы
Парсы
ұлттық тағам атауы