Білім алушы Бағалау критерийі
Сан есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында ажыратып, топтастырады
Тест сұрақтарына жауап беру арқылы оз білімдерін толықтырады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану Орындалу уақыты: 20 минут
1. Мәтінді мұқият оқыңыз Сиқырлы аспан әлемі Түнгі аспанға көз салсаң, жұлдыздардың өрнектер, түрлі пішіндер құратынын көресің. Мұндай белгілі бір суретті құрайтын жұлдыздар тобын Шоқжұлдыздар деп атайды. Аспанда сексен сегіз Шоқжұлдызы бар. Олардың үш-төртеуі жануарлардың, енді кейбіреулері ежелгі батырлардың аттарын пеленген. Біз түнгі аспанға көз салсак, әуелі біз шегі жоқ мыңдаған жұлдыздарды көретініміз анық. Кейбір жұлдыздар он-оннан бірігіп тұрса, енді кейбірі тіпті жүз-жүзден топталып тұрғандай көрінеді. Жер күнді айналғандықтан, біздің әртүрлі Шоқжұлдыздарды бақылауға мүмкіндігіміз бар. Жетіқарақшы аспанның солтүстік жарты шарындагы Шоқжұлдыз. Жетіқарақшыға ұқсаған тағы бір «Шөміш» бар. Ол да жеті жұлдыздан тұрады және «Кішіқарақшы» деп аталады. Жетіқарақшы екеуі бір - біріне жақсын орналасқан. Бірге туып, бірге батады. Кiшiкарақшының сабының ұшындағы жұлдыз Темірқазық, ең шеткі екі жұлдыз Ақбозат, Көкбозат деп аталады. Менің де болашақтағы бірінші арманым ұшқыш болу, екінші арманым – сиқырлы аспан әлемінің тым болмаса үштен бір бөлігін зерттеп өз үлесімді қосқым келеді. Мәтіндегі сан есімдерді мағыналық түрлерін кестеге орналастырыңыз
Есептік сан есім
Реттік сан есім
Жнактык сан есім
Бөлшектік сан есім
Болжалдык сан есім
Топтау сан есім
2-тапсырма. Тест тапсырмалары