Бүгінгі күнде жақын уақытта өзекті мамандықтардың атауларын білу өте маңызды . Сондықтан да халықаралық дамуға еңбек нарығындағы жағдай екпіндей ауысады . Сондықтан да қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеру кажет . Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай , Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік - экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады . Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық , өнімді жұмыс күшін кұру үшін адам капиталына инвестициялар өте қажет . Білімге , дағдыға және тұрғындардың қабілеттеріне инвестициялайтындар болашақтың табысты экономикасы болады . Білімді жай ғана әлеуметтік қажеттіліктерге шығын деп емес , экономикалық инвестициялар деп түсіну қажет , Жоғары оқу орны білімінен кейінгі Бағдарлама бойынша негізгі міндеттердің бірі елдің индустриалды - инновациялық дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары және жоғарыдан оқу орны білімінен кейінгі кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады Қазіргі сәтте өнеркәсіпте кәсіби инженерлердің , орта топтың техникалық мамандары мен жетекшілерінің қатты жетіспеушілігі туындайды . Әсіресе техникалық және экономикалық немесе заңдық білімнің үйлесімдігі , ағылшын немесе кез келген еуропалық тілдік білу бағаланатын болады . Барлық өнеркәсіп салаласында инженер - маркетологтардың және менеджерлердің қажеттілігі артуда . Қазіргі уақытта биотехнология ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады , онда гендік инженерия мен микробиология әдістерінің көмегімен гендік модификацияланған өнімдер алады . Биотехнология молекулярлық медицинада , биофармацевтикалық өндірістерде және баска салаларда қолданылады , Элеткроника мен биотехнологияның түйіскен жеріндегі мамандықтар маманнан электроникада да , биоинженерияда да терең білімді талап етеді . « Экология » термині бұрын 1866 жылы пайда болған . Және бұдан әрі де қоршаған ортаны сақтау мәселелері үлкен орынға ие болады . Атмосфераға зиянды қалдықтардың өсуі болашақ жаһандық алемде бірінші орындардың бірінде экология мәселесін қояды . Бір жағынан , кәсіби экологтарға сұраныс арта бастайды , ал екінші жағынан – табиғат қорғаушылардың талаптарының спектрі кеңиді . мәтінінің мақсаты мен мазмұны керек ​

nasipkalievnurz nasipkalievnurz    3   26.12.2020 00:10    0

Ответы
vlad200883 vlad200883  26.12.2020 01:00

Мақсаты : Жастарға, алдағы уақытта өзекті мамандықтарды біліп, үйреніп,халқаралық еңбек нарығына,экономикасына араласу. Еліміз Қазақстанды келешекте дамыған үздіктердің қатарына енгізуге атсалысу.

Мазмұны : Мәтінде берілгендей топ (үздік) мамандықтарды игеріп алуға сұранысқа ие мамандықтарға қарай жетелеу мәтіннің негізгі мазмұны.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi