Бүгін жар басындағы балықшылар ауылы тіпті қарқ болды. Кәлен мен Рай кісі басына алты-алты қаптан астық әкеп, кіреберіске үйіп тастай салыпты. Кәлеңнің үйі кісіге лық толы. Көбін Кәлен танымайды. Жүзі сынық, иіні ебіл-себіл мына кісілердің түріне қарап, қыста малы жұтқа ұшырап, тігерге тұяқ қалмаған соң, олар теңізді сағалап, қырдан көшіп келген келімсектер екенін іші сезіп отыр. Басқалардай емес, бұлар еңбекақы сұрамайды. Ау-құрал бергенге риза. - «Талапты ерге нұр жауар» деген.Енді, міне, біржылдық азығыңды әкелдің, -деді Дос.
- Айналаң аузын ашып отырғанда, кісі қарны тойып ас іше алады ма? – деді Кәлен.
- Е, несі бар? Әркім тапқанын ішеді.
- Дос аға, жапан түзде жалғыз үй отырған жоқпын, халықтың арасындамын. Өле жегенше, бөле жеймін, - деп, Кәлен астықты бөліп берді.
Найдите ключевые слова и напишите основную мысль​

9827816 9827816    3   28.12.2020 16:27    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi