Қазанның он төрті Сынып жұмысы
Қасқыр мен тиін
5-тапсырма. 58-бет. Мәтінді оқыңдар.3-4 сөйлем
Орманда көңілді тиін өмір сүреді. Тиін бұтақтан бұтаққа секіреді. Бір кезде тиін ұйықтап жатқан қасқырдың арқасына құлайды. Қасқыр ашуланып, оны жегісі келеді. Тиін қасқырға жалынады:
-Мені жеме, жіберші! Дос болайық,- дейді.
Қасқыр:
-Жарайды, жіберейін. Бірақ сен маған айтшы: сендер, тиіндер неге әрқашан көңілдісіңдер? Әрқашан секіресіңдер, ойнайсыңдар. Мен әрқашан ашуланамын.
Сонда тиін:
-Мен сенен қорқамын. Мені жіберші. Мен саған сонда айтамын. Қасқыр тиінді жібереді. Тиін ағаштың басына шықты. Тиін бұтақтан-бұтаққа қайта секірді. Сосын тиін жауап айтты:
-Қасқыр, сен залымсың. Сен барлық аңдарды қорқытасың. Сенен брлық аңдар қорқады. Ешкіммен сөйлеспейсің. Сені ешкім жақсы көрмейді.Сондықтан әрқашан ашуланасың.
Біз, тиіндер, көңілдіміз. Біз залым емеспіз. Біз ешкімді қорқытпаймыз. Ешкімге жамандық жасамаймыз., біз- мейірімдіміз.
Қасқыр:
-Мен енді ешкімді қорқытпаймын.Тиін, саған сөз беремін! Залым болмаймын. Мейірімді боламын,- дедеі.
Сол күннен бастап қасқыр мейірімді болуға тырысып жүр. Қасқыр тиіннен ақыл сұрайды. Тиін қасқырға ақыл айтады. Дос болсаң, адал, мейірімді бол! Сен қандай доссың?
тапсырма: Дос болсаң, адал, мейірімді бол! Сен қандай доссың? деген автор сөзімен аяқталған ертегіні оқушылар диалог арқылы жалғастырады.
1.Сенің досың кім?
2.Сендер қандай доссыңдар?
3.Дос қандай болу керек?
8-тапсырма. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексер.
Менің досым ол анам,ен жакын адамдарым.
Біз оте жакс доспыз,бір-бірімізге коп комектесемз.
Дос адал,кайырымды,комекшіл болуы керек