Мен әдеттегідей дүкеннен нан алып, үйге қайтып бара жатқанмын. Солай келе жатып, бір алтын түстес үлкен есікті көрдім. Ол жер маған өте қызық болды. Сондықтан кіремін деп шештім. Есігі ашық екен. Кірсем ішінде кішігірім үй, ағаштар, гүлдер бар. Мен жақынырақ бардым, гүлді ұстап қалсам, бүртірлі жұмсақтау екен. Және де оны иіскеп көрсем бір тәтті заттың иісі шығып тұр. Содан мен оның дәмін таттым. Мәссаған, ол мармеладтан жасалған. Ағаштар да мармеладтан жасалған. Ал үй шоколадтан жасалған. Ол жер маған қатты ұнады, тәттілерді жақсы көремін!