Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап-ақ пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—VІ ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған. Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Өйткені, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар – қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы. Біздер – осы мұралардың мұрагерлеріміз.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмір мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан табиғаттың ерекшеліктері жіті ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттердегі халықпен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
Ғұндар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Ат құлағында ойнаған шабандоз, жауынгер халық болған. Археологиялық қазбалардан табылған сырға, сақина сияқты әшекейлер олардың асқан шеберлігін көрсетеді.
Қаңлылар да қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі. Ержүрек, өнерпаз, қаңлылар елдің оңтүстігін – Сырдария, Арыс, Бадам өзендерінің алқаптарында мекендеген.
1. Қазақ халқы түркі дәуірінен қалған дастандарды неліктен төл дүниесіндей қарсы алды? [1]
А) «Ақ сықын» — «Ақ марал» деген бізге таныс жазулар үшін.
В) Географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген.
С) Діни-наным, салт-дәстүр халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай.
Д) Жаз жайлауы, қыс қыстауы көрші жатқан мемлекеттермен қарым-қатынас жасаған.