Қазақ жазуының тарихы Қазіргі таң – білімділер заманы. Күн сайын өзгеріп жатқан жылдамдыққа толы уақытта талқыға түсіп, талданып жатқан мәселелер де көп. Соның бірі – латын әліпбиі. 2017 жылдың қазан айынан бастап қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы пікірлер айтыла бастады.
Тарихымызға көз жүгіртіп қарайтын болсақ, 1929 жылға дейін араб әліпбиі, 1929-1940 жылдар аралығында - латын әліпбиі қолданыста болса, 1940 жылдан бастап кириллица қолданылып келеді. Бір айтарлығы, әр кезеңнің өз қиыншылықтары қатар жүрді, бірақ тоқтап қалған ештеңе жоқ. Демек, ештеңеден қорқып, үркудің қажеті жоқ. Жан-жағымызға қарасақ, латын әліпбиін қолданатын Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан сияқты түркітілдес мемлекеттерден тілге қатысты ешқандай қиындық байқалмайды, бәрі әлдеқашан қалыптасқан.
Оның көшу кезеңдері де айқын: 1-кезең: 2018-2020 жылдар – дайындық, талқы, соңғы латын нұсқасын бекіту кезеңі.
2-кезең: 2021-2023 жылдар.
3-кезең: 2024-2025 жылдар - латын графикасына өтудің соңғы басқышы.
Олай болса, іске сәт! Болашақты айқындайтын жаңалыққа жанашырлықпен кірісейік. Нәтижесінде әлемдік бетбұрыс бастауы, яғни латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшу - тілімізді тар бұғаудан босатады, жаһандануға жұтылудан сақтайды. Тіл жанашыры «Ел - бүгіншіл, менікі - ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтсақ, бүгінімізбен ғана өмір сүрмей, ертеңімізді ойлайық , ерте қамданайық, Қазақ елі!
Тапсырма 1. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені анықтаңыз.Кестені толтырыңдар. Себебін түсіндіріңіз.
Мәтін тақырыбы және көтерілген мәселе
Тақырып (тема)
Мәселе (проблема)
Кезеңдері (этапы)
Менің пікірім (мое мнение)
Тапсырма 2. Берілген сөз тіркестерін қолданып, Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңызы туралы сөйлемдер құрастырыңыз. Используя словосочетания, составьте предложения об эффективности перехода на латинскую графику:
жаһандану дәуірі – век глаболизаций
тіл тазалығы – чистота языка
сауаттылық деңгейі – уровень грамотности
ғылым мен техника тілі – язык науки и техники
тіл үйрену - изучать язык
қазақ жазуының тарихы – история казахского письма
көршілес елдер тәжірибесі – опыт соседних стран
Тапсырма 3. Сөйлемдерді сәйкестендіріңдер. Соотнесите предложения.
1. 2017 жылдың қазан айынан бастап қазақ тілі әліпбиін
А) бәрі әлдеқашан қалыптасқан.
2. Демек, ештеңеден қорқып
В) Ахмет Байтұрсынов сөзі
3. Түркітілдес мемлекеттерден тілге қатысты ешқандай қиындық байқалмайды
С) үркудің қажеті жоқ
4. «Ел - бүгіншіл, менікі - ертең үшін» деген
Д) кириллицадан латын графикасына көшіру туралы пікірлер айтыла бастады.