Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата- бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған. Еліміздің әр түрлі музейлерінің қорларында 400ден астам көне музыкалық аспаптар сақтаулы. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады: 1. Үрмелі аспаптар үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады: Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран. Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай. Мундштуктік – мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней. 2. Шертпелі аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра,), адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра. 3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңгыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың. 4. Сым тілшелі: шаңқобыз. 5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан, зырылдауық. 6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, алып қобыз, прима қобыз), сазген. Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қаз - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті Құран нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз. Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр. Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз. мәтінін оқып шығып. тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырып, мәтінді ықшамдаңыз.

rfhfntkm7p06pep rfhfntkm7p06pep    2   13.12.2021 13:30    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi