Қазақтың киіз үйі, қара домбырасы және айтыс өнері әлем елдерінің ең ежелгі мұралары ретінде "ЮНЕСКО" тізіміне енгені белгілі. Табиғаттың үнін, тұлпардың дүбірін, адамның сырын шанағынан төгілткен домбыра енді жыл сайын ұлықталатын болды.Домбырадан төгілген күмбір-күмбір күйлер кейде сылқ-сылқ күлген ару қыздың күлкісін елестетсе, кейде сылдыр- сылдыр бұлақ үнін құлағыңызға әкеледі. Сол сәтте көлбең-көлбең сағым елес көз алдыңыздан өтеді. Алтайдан Анадолыға дейінгі түркі халықтарында домбыра аспабы кең таралғанын білеміз. Қазақтың қара домбырасының тарихы тым әріден басталатындығын айғақтайтын деректер жетерлік. Домбыраны талай ғалымдар зерттеп,тер төкті. Білгендерімен бөлісті. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидың еңбектерінде тамбур аспабы жайлы айтылады. Өзбектердің дутары алғаш рет әл-Хусейнидің "Музыкалық канон" деген трактатында кездеседі. XI ғасырда Махмұд Қашқари ежелгі түріктердің бірнеше аспаптарының түрін атап кеткен. Ол – қобыз, бубен, тамбурин, барабан, қоңырау, сыбызғы, сигналдық барабан.

– Хорезм маңынан табылған балбал тастағы суретте бала қолына бір аспапты ұстап отыр. Оған әлемде ең ұқсасы – қазақтың домбырасы. Осы балбал тастың тарихы б.з.д. 5 мыңыншы жылдан басталады. Қазақ дегеннің аты да, иісі де жоқ кез. Демек қазақтан бұрын домбыраның болғандығын көрсетеді.

мәтіннің стилі

A) Көркем әдебиет

B) Ғылыми стиль

C) Пулицистикалық

D) Іс-қағаздар стилі

E) Ауызекі сөйлеу стильі

Сонька2808 Сонька2808    3   21.12.2020 13:35    0

Ответы
maximbelov00 maximbelov00  20.01.2021 13:36

С)

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi