Қазақтың көшпелі өмірі мен әдет – ғұрпын кең көлемде суреттеп, қазақты күллі әлемге танытқан "Қыз Жібек" жырының мазмұнына сүйене отырып, жырдан дәлелдер келтіріп, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз НУЖНО.


Қазақтың көшпелі өмірі мен әдет – ғұрпын кең көлемде суреттеп, қазақты күллі әлемге танытқан Қыз Жі

givemepizza givemepizza    2   30.10.2020 23:00    2

Ответы
iskanderkhusano iskanderkhusano  29.11.2020 23:00

Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлар өте көп. Солардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Бұл жырдың негізгі тақырыбы қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниеге деген көзқарасы, ұғымы . «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сол кездегі көшпенділігін білдіреді, сондай-ақ

салт- дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді.

Лиро-эпостық яғни махаббат жырларында негізінен батырлық, ерлікті жырлаудан гөрі, екі жастың арасындағы шынайы махаббат, халықтың әдет-ғұрпы , салт-дәстүрі көбірек суреттеледі екен. «Қыз Жібек» жыры да солардан кенде емес. Солардың бірі «Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады.

«Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды.

Поэманың екінші бөлігінде ақын Жібекті жаңа рольде көрсеткенде, оның ескі әдет-ғұрыптың бірде-бір әрпін бұзбайтын мүләйім жан ретінде суреттейді. Бұл жағдай Жібектің қара басының қамы үшін ғана емес, ең алдымен елін қоршап алған қалың жау-қалмақтардан құтылудың тура жолы.

Әмеңгерлік (салт) Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі "ерден кетсе де, елден кетпек жоқ", "аға өлсе, іні мұра" деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады.

Қорыта айтқанда, белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің мынадай әділ бағасын береді. «Қыз Жібек» — қазақ халқының даналығы туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпиакалық суреттеу өнерінің ең жетілген кемес нұсқасы десе де болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi