Қазақтың ежелгі хандары эссе беремін айтындарщ​

ailyn2111 ailyn2111    2   28.12.2020 15:17    3

Ответы
nickname011 nickname011  27.01.2021 15:17

Қазақ хандарының барлығы Шыңғыс ханның ұрпақтары, яғни Шыңғыс хан әулетіне жатады. Қазақ Хандығы өз заманындағы ең қуатты елдерінің бірі болатын. Қасым хан тұсында Қазақ әскерінде жауынгерлер саны 300 мыңға жетті, ал Есім хан тұсында олардың саны 400 мыңнан асты. Осы хандар тек саясатпен ғана емес, соғыс ісімен, заңнамамен де айналысқан.

Қасым хан дәуірінде "Қасқа жол", Есім хан тұсында "Ескі жол" және Тәуке хан заманында "Жеті жарғы" атты заңдар жинақтары жарық көрді.

Қазақ хандарының резиденциялары әртүрлі замандарда әртүрлі жерлерде болды. Қасым хан тұсында резиденция жуырда жаулап алынған Сарайшық қаласында болды. 1599 жылы Есім хан резиденцияны Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Үлкен Ақсарай және Кіші Ақсарай атты бөлмелеріне көшірді. Сол кесенеде бірнеше қазақ хандары жерленді. Ал Есім ханның өзінде Түркістан қаласында жеке кесенесі бар. Қасым ханда Сарайшықтағы кесенесі бар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi