Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қариялар немесе баланың атасына, әжесінің немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заманда балаларға көз тиюнің немесе жын-шайтаннан сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдерді таңдап қойған. Көптеген есімдер халықтың әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби... Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған. 1.Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз.

donatas6969 donatas6969    2   30.10.2020 10:53    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi