Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қарияға немесе балаға, атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың
өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын
көрініп тұрады. Мысалы, ерте заманда балаларға көз тиюден немесе жын-
шайтаннан сақтансын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш
есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттарына
байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен
Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай, күшті де батыл болсын деп
Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр, сұлу да көрікті болсын деп
Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар, ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек,
Ақылбай, Есбол сияқты есімдерді таңдап қойған.
Көптеген есімдер халықтың әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да
байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай,
балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәб
илеріне Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.
1. Мәтін тақырыбын анықта
2. Мәтіндегі «Бала» сөзін септік жалғауларына талда.
3. Мәтіннен тірек сөздерді анықта
4.Қазақ сөзіне дыбыстық талдау жаса
5.Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді анықта.
Өтінемін, көмектесіңдерші.

privetloll privetloll    1   15.11.2020 16:48    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi