«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Тыңдалым және атылым
1-тапсырма мәтінді мұқият тыңда.
Мәтіннен негізгі тірек сөздерді түртіп ал (6-7 сөз).
Галактика аспан денелері: жұлдыздар, планеталар және астероидтармен
толтырылған шексіз аукымды кеңістік.
Әлем кеңістігі 15 миллиард жыл бұрынғы үлкен жарылыстан кейін пайда
болған. Бұл жарылыс кезінде алдымен химиялық элементтер түзіліп, олардың
кейбір бөлшектері бірігіп, жұлдызды кураған.
Кейіннен жұлдыздардан
миллиардтаған галактикалар түзілген.
Жұлдыздар әртүрлі көлемдегі галактикаларды құрайды. Біздің Күн басқа
жұлдыздармен бірігіп, спиральді «Құс жолы» деп аталатын галактиканы құрайды.
Оны бұлтсыз түндерде үзік-үзік жарық жолак ретінде керуге болады. Біздің
галактиканың диаметрі шамамен жүз мың жарық жылына ал вертикальді бөлігі
галактика орталығынан шамамен он мың жарық жылына тең.
Тірек сөздер:
• Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын айт.
• Галактикалар туралы тағы не білесің?