« Қазақ тілі » пәнінен 3 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Бөлім атаулары : Қиял әлемі . Көлік және жол белгілері . Адамның сырт келбеті мен мінезі 1 - тапсырма Мұрагер Бір шалдың төрт ұлы болыпты . Бір күні шал ұлдарын жинап алып : - Мен қартайдым . Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті . Кімнің ақылы байлығына сай болса , сол мұрагерім болады . Әркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек , дейді . Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп : - Міне , менің байлығым . Ал кім бай болса , сол ақылды , — дейді . Екінші ұлы асыл киімдерін киіп , әдеміленіп келеді де : - Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді , — дейді . Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да : - Мұндай белдікті ешкім , ешқашан тағынып көрген емес , — дейді . Әкесі үлкен балаларына қарап , басын шайқайды да , ең кіші ұлына бұрылып : - Сен неге үндемейсің ? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың ? — дейді . Сонда кенжесі : - Менде асыл тасты жүзік те , сәнді киім де , алтын - күміспен апталған белдік те жоқ . Тек жұмысқа жарамды екі қолым , арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар , – дейді . Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды . - Жұмыс істей білген адам жұтамайды , - деп , өзінің кенже ұлын мұрагер атайды . Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай , талабын орындауды өсиет етеді . ( http://www.balakai.kz/ertegler/ сайты ) 171 сөз 1. Әкесі нені анықтағысы келді ? Балаларының ... А , киім киісін B. қазына мөлшерін С. өзін көрсетуін [ 1 ] D. өмірге бейімділігін

xxlllxxx xxlllxxx    1   01.03.2021 11:11    11

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi