Қазақ тілі пәні бойынша 5 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары. Тоқсан ІІ Бөлімі: Ежелгі көшпелілер мәдениеті.
Сабақтың тақырыбы: Алтын адам
Мақсаты:
5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну,
тақырыбын анықтау
Бағалау критерийі:
-мәтінді түсініп оқиды
- мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді
– нақты ақпаратты анықтайды
Тақырыпты болжау. Сұрақтарға жауап беру:
1
Мына сурет таныс па? Ол туралы не білесің? (Знакомо ли вам это изображение? Что вы знаете
об этом?)
2
Қазақстан жерінен осындай мұраның нешеуі табылған? (Сколько таких памятников наследия
найдено на земле Казахмтана?)
3
Бұл қай заманның ескерткіші? ( К какому времени относится этот памятник?)
Жаңа сөздер
Әшекей-украшение
Бедерленген-рельефные / с орнаментом,узором
Құйма алтын-литое золото
Құмыра- кувшин
Алқа- ожерелье
89 бет, 3- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым.
Ежелгі көшпелілердің өнері мен мәдениетінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғары
жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар куә. Соның бірі- украин
археологтары тапқан скиф қорғанының әртүрлі алтын әшекей заттар. Заттар Толстая могила
қорғанынан шыққан. Оның ішіндегі ең құндысы- пектораль алқа. Пектораль- өте нақышты, нәзік
соғылған әшекей. Ол скифтердің ғарыштық ой жүйесін бейнелейді. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде
о дүние, өлім табиғаты, бедерленген, ал жоғарғы жағы адамдар өмірінен сыр шертеді.
Екінші бір айта кетерлік дүние- Қырымдағы Күл- Оба қорғанынан табылған құмыра. Саф алтыннан,
күмістен құтылар жасалған. Құмырада скиф жауынгерлерінің бейнесі бедерленіп, өрнектелген.
Бүкіл Еуразияның байтақ даласын күн шуақты, алтынды аң тәсілді өнерімен көмкерген сақтар
кейінгі ұрпағына мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі – әлемді елең еткізген, біртума
ескерткіш – Есік қорғанынан табылған Алтын адам. Обада жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1
Алтын адам қай жерден табылды?
2
Алтын адамның киімі немен қапталған?
3
Алтын адамның киіміне қарағанда ол кім екені байқалады?
4
Қазақстанда неше Алтын адам табылды?
5
Сақтар өздерінің ұрпағына не қалдырды?
Дескриптор: - мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Жазбаша/ Письменно 91бет, 7- тапсырма. Мәтін мазмұны сөйлемдерді толықтырып жаз (По
содержание текста дополни и запиши предложения ).
Дескриптор: - мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады