Қазақ тілінен тест сұрақтары: 1. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
А) парсы B) түркі С) латын D) қазақ E) татар
2. «Полиглот» деп қандай адамды атайды?
А) көп сөйлейтін
В) көп тіл білетін
С) шешен сөйлейтін
D) көп оқитын
Е) аз сөйлейтін
3. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
А) ә, о, ө, в, к, с, һ
В) ү, ұ, ф, ц, ғ, ң
С) і, қ, г, ы, ғ, һ, н
D) ә, ө, ғ, ұ, ү, қ, ң, і, һ
Е) ә, ө, ұ, қ, ң, д, в, м, ү
4. Әйгілі суретші-
А) В.В.Радлов.
В) Ш.Уәлиханов.
С) Қ.Сатпаев.
D) Ы.Алтынсарин.
Е) Ә.Қастеев.
5. « Адам» сөзінің синонимын тап.
А) құда
В) ағайын
С) кісі
D) құдағи
Е) оқушы
6. Ежелгі қаланы ата.
А)Тараз
В) Алматы
С) Астана
D) Қарағанды
Е) Қостанай
7. Антоним сөздерді тап.
А) ақ-қара
В) үш-төрт
С) жуан-семіз
D) биік-жалпақ
Е) қызыл-қоңыр
8. Алфавит термині қай тілден шыққанын табыңыз.
А) грек тілі
В) араб тілі
С) латын тілі
D) түрік тілі
Е) қазақ тілі
9. Жатыс септікте тұрған сөздерді табыңыз.
А) мектепте, Асанның, дүкенде
В) ағасында, кітапта, теңізде
С) Олжаста, жұмыстан
D) Асанда, күнге, сыныпқа
Е) елге, дұманға, достың
10. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
А) Жері туып-өскен адамның дегеніміз Отан.
В) Адамның жері өскен туып Отан дегеніміз.
С) Туып жері Отан өскен адамның дегеніміз.
D) Отан дегеніміз адамның туып өскен жері.
Е) Өскен туып жері дегеніміз Отан адамның.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны қашан қабылданды?
А) 1999 жылы 30 тамыз
В)1990 жылы 11 қаңтар
С) 2006 жылы 7 қаңтар
D) 2000 жылы 16 желтоқсанда
Е)1996 жылы 10 қаңтар
12. Мына сөздің антонимін тап: Күшті
А) әлсіз В) сирек С) жылдам D) жаңа Е) тез
13.Түбір сөзді табыңыз.
А) күндіз В) оқулық С) кітапхана D) күн Е) оқушы
14. «Пайда болған» деген сөздің аудармасын табыңыз.
А) расположен
В) сохранен
С) развит
D) появилось
Е) польза
15. Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған не?
А) киіз үйдің күмбезі
В) шаңырақ
С) бес бұрышты жұлдыз
D) тұлпар бейнесі
Е) «Қазақстан» жазуы
16. Мақалдың жалғасын тап. Ана сүті бой өсіреді, ...мақалды жалғастырыңыз.
А) Атам берген құрал тіл.
В) Ана тілі ой өсіреді.
С) Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
D) Өнер алды-тіл.
Е) Тас жармаса бас жарады.
17. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар екенін анықтаңыз.
А) 10. В) 12. С) 16. D) 14. Е) 11.
18.Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Анар. В) Бұрғы. С) Баспана. D) Ант. Е) Қант.
19. Барыс септік жалғауын көрсетіңіз.
А) –мен, -бен. В) –ның, -нің. С) –ға, -ге. D) –нан, -нен. Е) –ды, -ді.
20. Антоним сөздерді табыңыз.
A) Серуен - сейіл.
B) Жаяу - жалпы.
C) Көреген - қыран.
D) Ақсақ - тоқсақ.
E) Ақниет - жауыз.
21. Елтаңбаның жоғары жағында не бейнеленген?
А) ай
В) жұлдыз
С) ұшақ
D) қала
Е) жер
22. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада сақталып қалған?
А) Түркістан
В) Отырар
С) Тараз
D) Алматы
Е) Ақтау
23. Сөйлемнің неше түрі бар?
А)5 В) 3 С)1 D)2 Е)4
24. Ашық буынан тұратын сөзді табыңыз.
А)Арман
В)баламен
С)қалаға
D)өрт
Е)дәптер
25. Ұлттық спорт түрін табыңыз.
А) тоғызқұмалақ
В) бокс
С) теннис
D) шахмат
Е) самбо
26. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар.
А)6 В)3 С)4 D)5 Е)2
27. Фонетика нені зерттейді?
А) сөз құрамын
В) тіл дыбыстарын
С) сөйлем мүшелерін
D) сөз тіркестерін
Е) көнерген сөздерді
28. «Шәкірт» сөзінің синонимін табыңыз.
А) қала
В) оқушы
С) батыр
D) кемеңгер
Е) шаһар
29. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
А) әкеммен
В) әкеме
С) әкем
D) әкемде
Е) әкемді
30. Ертегіні атаңыз.
А) «Ер Төстік»
В) «Алпамыс»
С) «Қозы көрпеш-Баян сұлу»
D) «Қыз-Жібек»
Е) «Қобланды батыр»
31. Қазақстан Республикасының рәміздері нешінші жылы қабылданды?
А) 1995ж. В) 1993ж. С)1991ж. D)1994ж. Е)1992ж
32. Авторы Ы.Алтынсарин:
А) «Түрік тілінің сөздігі»
В) «Қудатғу білік»
С) «Жетісу тарихының шежіресі»
D) «Қазақ тілінің жасалуы туралы»
Е) «Кел балалар оқылық»
33. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кімнің? Ненің?
В) Не істеді? Қайтті?
С) Қанша? Нешеу?
D) Қайда? Қалай?
Е) Қандай? Қай?
34. Зат есімнің білдіретін мағынасын анықтаңыз.
А) Заттың атын білдіреді.
В) Заттың санын білдіреді.
С) Заттың сынын білдіреді.
D) сөз бен сөзді байланыстырады.
Е) Заттың іс-әрекетін білдіреді.
35. "Өкініш' сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) Құшақ В) Шығыс С) Жасақ D) Арлан Е) Шаттық
36. Қатаң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.
A) п, б, с. B) к, г, з. C) ф, в, т. D) қ, т, с. E) қ, щ, ж.
37. Тәуелдік жалғауының көпше түрінде тұрған сөзді табыңыз.
A) Орманның іші.
B) Оның қаламы.
C) Сәуленің кітабы.
D) Біздің жатақхана.
E) Тілім барда, халқым бар.
38. "Ынтымақ " сөзінің синонимін көрсетіңіз.
A) Түнгі. B) Сөзшең. C) Бұзса. D) Достық E) Сенбеді.
39. Дауыссыздан басталып дауыссызға аяқталатын буын түрін анықтаңыз.
А) Ашық буын. В) Буын. С) Аралас буын. D) Бітеу буын. Е) Тұйық буын.
40. Мемлекеттік тудың көгілдір түсі ненің белгісі?
А)байлықтың
В)қайырымдылықтың
С)адалдықтың
D) ашық аспанның
Е) тәуелсіздіктің
1.в) түркі
2.в) көп тіл білетін адам
3.D)әіңғүұқөһ
4.Е) әбілхан қастеев
5.С)кісі
6.А)Тараз
7.D)биік жалпақ
8.A)гірек