«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

6-сынып

І. ОҚЫЛЫМ

Мәтінді мұқият оқыңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып, 7 млн. астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды. Себебі интеллект пен роботты техника дамиды екен. Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады. Бұл ретте ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беріледі. Сонымен бірге, ортаға жылдам бейімделу және сабыр, жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады. Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты сапалы білім. Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар, 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? Ал еліміздің еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз. ( )

А) ЖОО, мамандық, болашақ

В) Жұмысбастылық, еңбек, білім

С) Адамдар, білім, студент

Д) Зерттеу, адамдар, күш

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз. ( )

А) Мамандық түрлері туралы

В) ЖОО туралы статистика

С) Студенттерді оқыту

Д) Болашақ мамандықтар туралы

3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз. ( )



Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

А

Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 100-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар даярлайды.

В

Болашақта 180 жаңа мамандық дүниеге келеді

C

Жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады.

4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз. ( )

/ алады, алмастырады, оқытады, даярлайды/

Сарапшылардың айтуынша болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын .

5. Сұраққа толық жауап беріңіз. ( )

Ең алдымен қандай қасиеттерге көңіл бөлінеді?

ІІ. ЖАЗЫЛЫМ

«Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазыңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. Мәтін көлемі - 60-70 сөз. ( )

Дескриптор

Бағалау критерийі

Жауап



Білім алушы

Оқылым

Мәтінді түсінеді. Мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған тапсырмаларда дұрыс жауаптарды белгілеу. 4-тапсырмада «Шын» ақпаратты табу. Мәтіннің мазмұнына негізделген тапсырмада бос орындарға қажетті сөзді тауып қою, берілген сұраққа мәтін мазмұнына қарай жауап жазу.

Мәтінге тірек болатын сөздерді NF,SL табады;

1

мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтайды;

1

тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілейді;

1

бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырады;

1

сұраққа толық жауап береді.

1

Жазылым

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келу. Ойын жүйелі түрде жеткізу. Лексикалық минимумды, стильдік қолданысты дұрыс қолдану. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды орынды қолдану.

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді;

4

ойын жүйелі түрде жеткізеді;

2

лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс;

2

грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады

2

Барлығы:

sashahyrik sashahyrik    2   12.03.2021 14:15    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi