Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары І-тапсырма. Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Тамыры терең тарихымызды парақтар болсақ, қазақ халқы қашаннан-ақ еңселі ел болуды армандап, мақсат тұтқанын байқаймыз.
Н.Ә.Назарбаев тарихи тұрғыдан алғанда аз уақыттың ішінде ҚР-ның егемендігін жариялап, оны дұрыс даму жолына түсіре білді. Нәтижесінде ҚР өзін бүкіл әлемге паш етті, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылды. Спорттағы, өнердегі жетістіктерімізді айтпағанның өзінде, ішкі тұрақтылықтың арқасында сыртқы саясатымыз беки түсті. Былайша айтқанда, аса күрделі жағдайда ел тізгінін ұстаған Н.Ә.Назарбаев өзінің керемет саясаткер, елін елдікке бастаған аса дарынды реформатор, халқын шын сүйетін тарихи тұлға екендігін көрсете білді.
Иә, біздің Елбасы қалың қазақтың мақтанышына айналған, ел игілігіне қызмет етіп жүрген біртуар дара тұлға десем артық айытқаным болмас. Бұл пікірмен тек біз секілді қарапайым қазақстандықтар ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық Қазақстан көшбасшысының саясаттағы сарабдал жолын жоғары бағалап, оның есімін стартегиялық ойлау қабілетін иеленген мемлекет қайраткері деп даңқты тарихи тұлғалармен қатар қоюда.
Бүгінгі таңда әлемнің ірі саясаткерлері Назарбаевқа жоғары баға беріп, оны Ататүрікпен бір қатарға қояды. Шынында да, аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденген жас мемлекетіміздің тарих үшін көзді ашып-жұмғанмен тең кезеңде Н.Назарбаев ірі экономикалық және саяси реформаларды өткізді, ата-баба арманын жүзеге асырды. Қазақстан ядролық қару-жарақтан бас тартты. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыз елдерімен тығыз байланыс жүргізіліп, әлем картасында «қазақ» елі пайда болды. Өз шекарасында, Конституциясымен, Мемлекеттік рәміздері – Әнұраны, Туы және Елтаңбасымен өз тағдырын шешкен қазақ халқы ел басшының жемісті жұмысына шын риза. Бұл – тарихи ақиқат. Ал әлем басшылары Н.Назарбаев туралы недейді?
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш Н.Назарбаевты ТМД елдері басшыларының арасынан ерекше бөліп: «Ол болашақты болжай алады»,– депайтса,«темір» ханым атанған Маргарет Тэтчер Н.Әбішұлын қазіргі заманның бес аса көрнекті саясаткерінің бірі деп атап: «Назарбаев – қалыпқа сыймайтын тұлға», –деген.
Мәтін кімдерге арналған (мақсатты аудиториясы)? Себебін көрсетіңіз.(напишите для какой аудитории предназначен этот текст,напишите причину)
2-3 причины.