«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-ТЖБ тапсырмалары

Оқылым
Энергетикалық дағдарыс
Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post.
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.
Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.
1. Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз.(Определите правильность и неправильность предложений,опираясь на текст)

Тұжырымды сөйлемдер Дұрыс
(правиль
но)
Дұрыс емес
Неправильно)

Аталған элемент біздің планетамызда өте аз кездеседі.
Қытай ғалымдары Айдан Гелий-3 элементін тапқандығын айтып, дүние жүзіне жар салған.

[1]
2. Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.
(Найдите из текста синоним к данному слову)
Жария ету - [1]

3. Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.
(Найдите из текста антоним к данному слову)

Қымбат [1]

4.Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза).
(Данные предложения напишите перефразируя своими словами.)
40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ-ты бір жыл энергиямен қамтамасыз етеді.
[1]

5.Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз:
ответьте на вопрос выражая свои мысли:
Гелий-3 элементінің артықшылығы неде?

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
[1]
ІІ. Жазылым (10сөйлем)
Екі сұрақтың біреуін таңдап, мақала жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз.Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді дұрыс қолданыңыз.
Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.
(Выберите одну из тем.Напишите статью в соответствующем стиле.Исользуйте правильно приблизительные и дробные числительные.Поставьте галочку в квадратике, т.е тему которую вы выбрали.

1 2

1. Білім. Ғылым. Инновация
Ақпараттық технологиялар, медицина, ауылшаруашылық ,сауда, өнеркәсіп саласында ғылым бар екенін дәлелдеп, бірнеше жобаларда жұмыс істеп, халықаралық патенттер алып үлгерген жастар бар. «Қазақстанның жас ғалымдары» жайында мақала жазыңыз.

2. Сауда жасай білесіз бе?
Сіздің мектебіңізде 16 қараша күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетінін елестетіңіз. Жергілікті газетке осы жәрмеңке туралы пікір жазыңыз. Көрген, алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз.

Акали Акали    3   27.10.2020 08:47    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi