«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні
7-сынып
І нұсқа
1. -ау –еу жұрнақтары арқылы қандай сан есімдер жасалады?
А) есептік В) жинақтық С) реттік D) жалпылау Е)болжалдық
2.Төмендегі сөздерден дұрыс жазылған шылауды табыңыз.
А) барған ды В) келеді мі С) үркек қой D) Отан үшін Е) ұшады ме
3. Сұраулық шылау арқылы жасалған сөйлемді табыңыз.
А) Жаңбыр жауып тұр (ма) В) Ғылым таппай мақтан (ба)С) Жабырқа (ма)
D) Орын таппай баптан (ба) Е)Көтер( ме)
4. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз. А) менің В) сізС) оған D) оның Е) анау
5. Мағынасы қарама-қарсы сөзді табыңыз.
А) жаңа-ескі В) ескі-жақсыС) көне-ескі D) көне-көнетөз Е)жаңа- жаңалау
6.Мақал-мәтелді толықтыр:Дос сыртыңнан ..., Дұшпан көзіңе ... .
А)мақтар В)жүрер С)жазар Д)келер Е)барар
7.Бос орынға қажетті шылауды қойыңыз: Медет досымен ... гүлдер дүкеніне барды.
А)туралы В)бірге С)кейін D)дейін Е) шейін
8.Дос қандай болу керек?
А)қарапайым,өтірікші,сыр бөлісетін В)адал,кекшіл С)ақымақ,сабырлы
Д)қол ұшын беруге дайын Е) сөзінде тұрмайтын, сатқын
9.Қатыстық сын есімі бар сөйлемді табыңыз.
А)Кітап дүкенінде көркем әдебиет бөлімі бар В)Оқушылар күзгі демалысқа шықты
С)Байдың үйі кең D)Астана-ең әдемі,жас қала Е) Бақшада әдемі гүлдер өсіп тұр
10. Жедел өткен шақ жұрнақтарын анықтаңыз.
А) –мақ, -мек, - пақ, - пек, -бақ, - бек В) – а, - е, - й С) –ды ,-ді, - ты, - ті
D)- ған, - ген, - қан, - кен Е) –ып, -іп, -п
11. Мақалды табыңыз.
А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды. B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
C) Ғылым таппай мақтанба. D) Жазда мен ауылға бардым
Е) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
12. Заттың санын білдіретін сөз табын көрсетіңдер
А) зат есім В) сын есім С) етістік D) есімдік Е) сан есім
13.Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.
A) Маңайда. B) Клубтан C) Мектептің D) Көркемөнер Е)Доппен
14.Түбір сөзді табыңыз.
А) Ақтау B) Гүл С) Орманшы D) Қосымша E) Бөлгіш
15.Туынды сын есімді атаңыз.
A) Ақылды B) Қара C) Биік D) Таза Е) Кір
16.Заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіретін сөз табы
А)сан есім В)етістік С) одағай D) сын есім Е) зат есім
17.Синонимдерді табыңыз
А) Ниет, жүрек В) Отан, туған жер С) Бұтақ, гүл D)Данышпан, кеме Е)Қызыл, жасыл
18.Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) білімді В) теледидар С) айтар D)құстар Е)көпшіл
19. Күрделі сөзді табыңыз.
А) жаз В) қалам С)адамгершілік D) жиырма алты Е)білімді
20.Нақ осы шақты табыңыз.
А) Жаңбыр тоқтады В) Қар жауып тұр С) Жапырақтар құрады D)Айдар ертең келіп қалар Е) Ауланы таңертең тазартамыз

1232468689 1232468689    3   16.09.2021 06:21    11

Ответы
armine8 armine8  16.09.2021 06:30

1) Не знаю

2)Отан үшін ғой или Үркек қой

3)жаңбыр жауып тұр ма?

4)Анау

5)жана ескі

6)не знаю

7)бірге

8)кол ушын беруге дайын

9(Астана ең әдемі жас қала

10

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi