Қазақ тілі мен әдебиетінен тест сұрақтары 8-сынып
1- нұсқа
1.Құрылымы жағынан жалқы есімдер қалай бөлінеді?
А) Дара, күрделі
В) Негізгі, туынды
С) Деректі, дерексіз
D) Жалпы, жалқы
Е) Жанды, жансыз

2.Біріккен жалқы есімі бар қатарды табыңыз.
А) Майбасар –Құнанбайдың тоқал шешесінен туған інісі.
В) Шешесінің сөзін Ерік үндемей тыңдады.
С) Үйге кіргеннен кейін Әсем есікті мықтап жауып қойды.
D) Араларында Василий де бар екен.
Е) Төлен сәл еңкейіңкіреп иекке қарай жүгіре жөнелді.

3.Тіркесті жалқы есімі бастауыш болып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) «Ұшқан ұя» - этнографиялық бояуы қалың ғұмырнамалық туынды.
В) Кешкі астан соң Василий сабағына отырды.
С) Қарлығаш төбедегі ұясының шетіне жайғасты.
D) Күйеу қасында қалған жігіттердің бірі – Жұмағұл атшабар.
Е) Ғабитхан да кітап оқығыш болатын.

4.Орфографиялық сөздіктің қызметі қандай?
А) Тілдегі сөздердің дұрыс жазылу нормасын көрсетеді
В) Тілдегі сөздердің дұрыс айту нормасын көрсетеді
С) Тілдегі сөздердің мағынасын ашып береді
D) Тілдегі сөздердің шығу тарихын зерттейді
Е) Тілдегі сөздердің этимологиясын зерттейді

5. Жалқы есім қатыспаған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Әңгімеге өмірде болған тарихи оқиға негіз болған.
В) Абай әңгіме айтуға біртүрлі шешен, шебер боп барады.
С) Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады.
D) Дауылбайдың қаһары қыстан жаман.
Е) Вильгельм Томсон ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады.

6.Дербес мағыналы сөздердің бірігуі арқылы жасалған жалқы есімі бар қатарды белгілеңіз.
А) Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады.
В) Розаның «Әлиясын» бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.
С) Кирдің ойлағаны елінің елдігі емес.
D) Ертеде бір данышпан өмір сүріпті.
Е) Жоңғар жігіттері барып, Төле бидің осы сөзін айтады.

7.Екі не одан да көп сөз тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі есімдерді не деп атайды?
А) Тіркесті жалқы есімдер
В) Дара жалқы есімдер
С) Қосарланған жалқы есімдер
D) Біріккен жалқы есімдер
Е) Қысқарған жалқы есімдер
8. Жалқы есімі анықтауыш болып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Абайдың екі көзі қып-қызыл екен, ісініңкіреп тұр.
В) Отырар –қазақ халқының ең көне қалаларының бірі.
С) Ұлы Жібек жолы – мәдениет жолы.
D) Жылқы судың тұнық, таза жерінен ғана ішеді.
Е) Інісі бардың тынысы бар.

9. Біріккен географиялық атауды табыңыз.
А)Алатау
В)Тайбурыл
С)Қарабай
D)Теміртау
Е)Құтжол

10. Қате жазылған жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай қарқаралыдан қайтқан соң атқа мініп, ел аралаған жоқ.
В) Бұл Нүрке кемпірдің бой жасағаны еді.
С) Алтайдың аюы кісі жеп дәндемеген.
D)Абай өз мінезінің Ерболға соншалық өрескел, оқшау тигенін енді аңғарды.
Е)Бірақ Бөжей мен Байсал мызғыған жоқ.

11. Дара жалқы есім қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Еріктің үйі дөңнің үстінде еді.
В) Жазушы көненің көзіндей болған ұлттық құндылықтарымызды насихаттай білді.
С) Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек бала.
D) Ал кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын.
Е) Дулат Исабеков –қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар қаламгер.

12. Тіркесті жалқы есім қатысқан сөйлем.
А) «Қорғансыздың күні» әңгімесінде қазақ арасындағы қайғылы хал суреттелген.
В) Хан тойына Байбөрі де келеді.
С) Жалпы оқиға желісінің оғыз-қыпшақ тарихынан тамыр тартатынын аңғарамыз.
D) Ақтамберді жыраудың сөздері насихатқа, ақыл-нақылға толы.
Е) Роберт басын көтергенде, көздерінен үлкен бір мұң көрдім.

13. Қорқыттың ажалдан қашқан кезде мінген көлігі не еді?
А) Желмая
В) Жылқы
С) Тұлпар
D) Сәйгүлік
Е) Өгіз

14. Қорқыт өмірінен дерек беретін құнды жәдігер қайсы?
А) «Қорқыт ата кітабы»
В) «Башпай» күйі
С) Күй атасы – Қорқыт
D) «Тарғыл тана»
Е) «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр»

15. Қорқыт сөзінің этимологиясы
А) құтты адам
В) үрей туғызу
С) қапаландыру
D) ақылшы
Е) тәрбиеші

16. Қорқыт қай кезеңде өмір сүрген?
А) Х ғасырда
В) ХІІІ ғасырда
С) ХІ ғасырда
D) ХІІ ғасырда
Е) ІХ ғасырда

17. Аңыз бойынша, Қорқыт бойындағы ерекше өнер түрі нешеу?
А) Үшеу
В) Екеу
С) Төртеу
D) Бесеу
Е) Біреу

18. Қорқыт атаның күйін табыңыз.
А) «Ұшардың ұлуы»
В) «Көңіл толқыны»
С) «Жұмыр қылыш»
D) «Майда қоңыр»
Е) «Әзім әңгімесі»

19. Қорқыт атаға арналған ескерткіш қай ауданда орналасқан?
А) Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында
В) Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында
С) Қызылорда облысы, Арал ауданында
D) Қызылорда облысы, Шиелі ауданында
Е) Қызылорда облысы, Сырдария ауданында

20. «Қорқыт ата кітабындағы» кейіпкерлер кімдер?
А) Бәмсі-Байрақ, Бану-Шешек
В) Темір, Байбөрі
С) Бисат, Тілеу
D) Қамажай, Қазан-Салор
Е) Ақтамақ, Имаш

21. «Қорқыт ата кітабы» неше жырдан тұрады?
А) 12
В) 15
С) 11
D) 13
Е) 10

22. Қорқыттың нақыл сөзін табыңыз.
А) Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ
В) А алысқа қарайды
С) Асығу –баланың ісі
D) Балалы үй –базар
Е) Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас

23. «Өтірік сөз өрге баспайды» деген Қорқыттың нақыл сөзі неге үйретеді?
А) өтірік айтпауға
В) ақылды болуға
С) өнер үйренуге
D) ананы қадірлеуге
Е) даналыққа

justnastasyaaa justnastasyaaa    3   10.02.2021 08:10    118

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi