Шын мәніне келгенде, қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Алланың адамға беретін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті. Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шындығы әбден астасқан заман. Өйткені адамзат өз қиялын толық жүзеге асырарлық деңгейге көтеріліп отыр. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен а қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды. Қиял-ғажайып ертегілерде айтылған адамзаттың арман-тілегінің бәрі қазір жүзеге асуда. Алланың адамға дарытқан қасиетінің арқасында қиял дегеніміз шексіз ғой. Қиялдың осы шексіздік қасиеті адамзатты әлі талай биіктерге көтереді деп үміттенемін. Әр адам қиялдап біледі. Қиялдау арқылы ойыңа неше түрлі жаңа ойлар келеді. Мысалы суретшілер қиялдау арқылы жаңа да ерекше туынды жасай алады. Жазушылар адамдар қызығып оқитын шығарма жаза алады және т.б