ҚАЗАҚ ТІЛІ 4 ТОҚСАН БЖБ 8 СЫНЫП Мәтінді мұқият оқыңыз . Белгілі сыншы , мәдени сарапшы , еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді . Қазір әзіл - сықақ театрларының саны бар , сапасы сын көтермейді деп көп айтылып , жазылып жүр . Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай ? – Қазір әзіл - сықақ театрлары көп Жалпы , қазір әзіл - сықақ театрлары жан - жақты . Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді . Бірақ бір айтатын мәселе : олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы - ошақ қасы , тілді дұрыс айтпау , құда - құдағилар сияқты жеңіл - желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр . Көпке топырақ шашуға да болмайды . Әзіл - сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады ? Меніңше , театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады . Тақырыпқа жеңіл - желпі қарайды . Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты . Тағы бір мәселе : қазіргі жастар сахнаға шығып алып , өздерін жарнамалауға бейім . Оны өздері де байқамайды . Бұл — сахналық мәдениетке томпақ нәрсе . Сондай - ақ телеарналарда демалыс күндері , түнгі уақытқа қарай , әзілге құралған дүниелер беріліп жатады . Қарасаң , талғам мен эстетика жетпейді . Тақырып аялары өте тар . Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты . Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек . Ол , керісінше , адамды ойлантуға , өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек . — Кәсіби авторларға тапсырыс бермей , өздері жаза салу , ақша үнемдеу ме , әлде өз өздеріне деген сенімділік пе ? Біріншіден , мүмкін ақша үнемдейтін шығар . Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік . Шын мәнінде , интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек . Бүгін , мысалы , Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды . 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен . Бұл , былайша айтқанда , нонсенс Әрине , театрлардың бәрі бірдей емес — Расымен де , театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті ? Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек . Ол қоғамда не болып жатыр , парламент не талқылады , қандай халықаралық мәселелер қаралды қысқаша айтқанда , бәрін біліп , бақылап отыру керек . Яғни деңгейі өте жоғары , ой - өрісі кең болуы тиіс . Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген , шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек . Әрине , оның бәрі қажет . Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек . Меніңше , әзіл - сықақ театрларында білім , ізденіс жағы жетіспейтін секілді ... 1. Мәтіндегі экспрессивті - эмоционалды сөздерді теріп жазыңыз . 2. Кестені толтырыңыз . Автор көзқарасы қандай ? Автор көзқарасы бойынша менің пікірім 3. Мәтінді пайдалана отырып жай сөйлемнің түрлеріне мысал келтіріңіз