«Қазақстанның су қоры» 7-тапсырма. Төмендегі ойлармен келісесің бе, келіспейсің бе?
келісемін келіспеймін
1 ХХІ ғасырда су қорына байланысты түйткілді мәселелер бар.
2 Жалпы әлемдік деңгейде таза ауызсу қоры азайып отырғанын мамандар теңіздегі тасқындармен байланыстырады.
3 Қазақстанда ауызсу мәселесі қиындық тудырып отырған жоқ.
4 Халық пайдаланатын ауызсудың сапасы жақсы.
5 Әлемдік жылынуға байланысты болашақта Қазақстандағы өзендердің ағысы өзгеруі мүмкін.
6 Бірақ табиғи апат көбеймейді.
7 Табиғи өзгерістер орын алуы мүмкін.
8 Ғалымдар су қорының төмендеуін жердегі температураның жоғарылауымен байланыстырады.
9 Атмосферада көмірқышқыл газы көп бөлінбейді.
10 Жердегі су бу болып ұшады.
8-тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз.
Қажетті сөздер: ауызсу, жарамсыз, теңіздегі тасқындар, жоғарылайды, мал жайылымы, бу, көмірқышқыл газы
ХХІ ғасырда ... түйткілді мәселе болып отыр. Әлемде таза ауызсу қоры азайғанын мамандар ... байланыстырады. Қазақстанда да ауызсу мәселесі қиындық тудырып отыр. Халық пайдаланатын ауызсудың 20%-ға жуығы ... . Соңғы кезде атмосферада ... көп бөлінуде. Көмірқышқыл газы көбейген сайын температура ... жердегі су ... болып ұшады. Ол су қорының төмендеуіне әсер етеді.
10-тапсырма. Диалогті оқып, түсініңдер. Диалог не туралы? (2 сөйлеммен жаз)
1.
2.
Есте сақта!
Елімізде ауызсу мәселесі қиындық тудырып отыр. Пайдаланатын судың 20%-ға жуығы жарамсыз. Атмосферада көмірқышқыл газы көптеп бөлінуде. Көмірқышқыл газы көбейген сайын температура жоғарылайды.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы жібереді.