Қазақстандық саяхатшы
Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, - деп
хабарлайды «Азаттық» радиосы. 26 жастағы Мағжан
Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек.
2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015
жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда Қазақстаннан
бастап, Өзбекстан, Түрікменстан, Иран, Түркия елдеріне
барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды
жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ
территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд, Камбоджа,
Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге
ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200
шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100
күнде, Қытайды 90 күнде, Аустралияны 30 күнде аралап
шықпақ. Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан көрген-білгенімді
әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», -
дейді.
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
осы матинди окып 2 тапсырманы орындар
2-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді тауып, сан есімнің
мағыналық түрін ажыратыңыздар. Үлгі: 26 жастағы –
есептік сан есім.​

volkAlina234 volkAlina234    3   04.05.2020 08:12    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi