Қазақстандағы өсімдіктер әлемі Мәтінмен таныс, сұрақтарды жауабымен сәйкестендір. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының таулы беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан: майқарағай, балқарағай, самырсын түрлері өседі. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті ормандардан тұрады. Қазақстанда өсетін к сімдіктерден кәдімгі емен 500 – 1000 кейде 2000 жыл, шырша 250 – 300, қарағай, самырсын қарағай 350 – 500, қайың 100 – 150 жыл тіршілік етеді. Шөлді аймақтарда сексеуіл, өзендер бойында жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі. Батпақты жерде қамыс, қоға қалың өседі. Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Шөп қоры мал жайылымы үшін бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады. Қазақстанда қандай өсімдіктер өседі? Қылқан жапырақтыларға қандай ағаштар жатады? Шөлді жерлерде не өседі? Мемлекеттік қорықтар не үшін құрылған? Қылқан жапырақтыларға май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері жатады. Шөлді жерлерде сексеуіл өседі. Мемлекеттік қорықтар сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау үшін құрылған Қазақстанда алуан түрлі өсімдіктер өседі.