Қазақстандағы қандай өзен-көлдерді білесің? -ол өзен -көлдерге барып көрдің бе? -ол саған несімен ұнады/ұнамады? -көлдің/өзеннің аты туралы не білесің? -өзен мен көлдің айырмашылығы неде?

Arkadop Arkadop    2   29.08.2019 12:20    2

Ответы
Яркf Яркf  06.10.2020 02:52

Берілген сұрақтарға жауап беру.

- Қазақстандағы қандай өзен-көлдерді білесің?

- Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.

Ұзындықтары 500 м асатын өзендер: Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Жем, Талас, Үлкен Өзен, Кіші Өзен, Елек, Ырғыз, Сағыз өзені, Шідерті өзені.

- Ол өзен -көлдерге барып көрдің бе?

Ия, мен Жайық өзеніне отбасыммен барып көрдім. Ол батыс Қазақстан облысында орналасқан.

- Ол саған несімен ұнады/ұнамады?

- Талай ән мен жырға арқау болған Жайықтың табиғатына, сұлулығына, әсемдігіне жететін жер кемде – кем. Атаулары қатар жүретін Еділ – Жайық өзендері қазақ халқы үшін әсемдік пен молшылықтың белгісіндей.

- Көлдің/өзеннің аты туралы не білесің?

- Жайық өзені көршілес Ресейден басталып, басым бөлігі Қазақстан арқылы ағып өтеді. Бастауын Орал тауларынан алатын өзен Каспий теңізінің Атырау қаласы орналасқан бөлігіне келіп құяды. Негізінен қар суымен (80%) толығады. Батыс Қазақстан облысы аумағын осы өзен суландырады.

Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан мен жайын ауланады.

Жайықтың жалпы ұзындығы 2428 шақырымды құраса, Қазақстан аумағындағы ұзындығы – 1082 шақырым.

- Өзен мен көлдің айырмашылығы неде?

- Көлдің өзеннен айырмашылығы – ол бір бағытта ағып жатпайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi